Ақпарлама 

Сәуір 2025жыл

Ағымдағы жылдың сәуір айында МКҚК «Толағай» бөбекжайы тәрбиеленушілерінің  ата-аналары  бөбекжай аумағын көгалдандыру мен абаттандыруға белсене қатысып сенбілік ұйымдастырды. Жеміс ағаштары отырғызылып аула аумағына тазалық жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты: бөбекжай мен ата-ана арасындағы қарым – қатынасты күшейте отырырып балаларға экологиялық тәрбие беру. Табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны ластамауға тәрбиелеу. Таза қәуіпсіз және жайлы орта қалыптастыру.

Бірлік пен ынтымақтастықтың көрінісі болған бұл шара баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.  Бөбекжай аумағы бұл әр мектепке дейінгі баланың өміріндегі құрамдас бөлігі.